Атырауда АИТВ жұқтырған екі трансвестит интимдік қызмет көрсеткен: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атыраудағы АИТВ жұқтырған екі трансвеститтің ісі бойынша айтты.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырауда қасақана АИТВ жұқтырды деген күдікке ілінген екі трансгендердің ісіне қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Мәжілістегі брифингте министр орынбасары Атырау облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тұрғындардың бірінің қасақана АИТВ жұқтырғанын анықтаған.
"Ол күдікті деп танылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Міндетті түрде осы қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным енгізіледі", – деді Әділов Мәжілістегі брифингте.
Сот шешімімен күдікті екі айға қамауға алынған. Сондай-ақ, журналистер іс бойынша қанша күдікті екенін сұрады.
"Тергеу жалғасып жатыр. Біз жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалардың қатыстылығын анықтап жатырмыз", – деді Санжар Әділов.