«Журналист пен экс күйеуін кешірім сұрату»: Дариға Бадықова сотта жеңіліп қалды
Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды экс-күйеуінен сұхбат алғаны үшін сотқа берген.
Актриса Дариға Бадықова сотта журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдан жеңіліп қалды. Оны экс-күйеуінен сұхбат алғаны үшін сотқа берген болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы заңгер Инга Иманбай желідегі парақшасында жазды.
«Біз сотта Дариға Бадықованы жеңдік. Бұл істе мен журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде қатыстым және оны толық қорғап шықтым. Дариға ханымның соттағы талабы қандай болды? 2025 жылғы 4 қазандағы YouTube-тағы сұхбатты шындыққа сәйкес келмейді деп тану, видеоны өшіру, айтылған сөздер үшін жария түрде кешірім сұрату, 1 000 000 теңге моральдық зиян өндіру, 2 500 000 теңге заңгерлік шығынды және 802 128 теңге сараптама ақысын өндіріп беру. Яғни материалды жою, журналист пен экс күйеуін жауапкер ету, кешірім сұрату және 4 миллион теңгеден астам қаржыны өндірту туралы талап қойылды. Сот бұл талаптардың барлығын толық қанағаттандырусыз қалдырды», - деп жазды ол.