Атырау облысында жоғалып кеткен оқушы табылды
Із-түссіз жоғалып кеткен оқушы аман-есен ата-анасымен қауышты.
Атырауда мектеп директорының орынбасарынан көрсетілген қысынан кейін жоғалып кетті деген 15 жастағы оқушы табылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаменті қыздың аман-есен табылғанын хабарлады.
"24 ақпанда кешке Атырау тұрғыны полицияға хабарласып, 15 жастағы қызы бірнеше сағат бұрын үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде оқушы қыздың жүрген жері анықталды", - деп хабарлады Атырау облысы ПД.
Кәмелетке толмаған қыз ата-анасына тапсырылған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.