«Kaspi.kz арқылы ақша жіберіп, хабарлама жазған»: Алматы облысында сүйіктісін аңдыған ер адам сотталды
қызды жарты жыл бойы аңдып, одан қалса Kaspi.kz қосымшасы арқылы хабарлама жазған ер адам 25 тәулікке сотталды.
Алматы облысында қызды жарты жыл бойы аңдып, ізінен қалмаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ер адам өткен жылдың қыркүйек айынан бастап қызға бірнеше рет қоңырау шалған. Ол болмаса Kaspi.kz қосымшасы арқылы оның шотына аз мөлшерде ақша аударып, хабарлама жіберіп отырған.
"Ол бірнеше рет қоңырау шалып, WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы хабарламалар жіберген. Жәбірленуші оны бұғаттағаннан кейін де, ол байланыс орнату әрекетін жалғастырып, Kaspi.kz қосымшасы арқылы жәбірленушінің шотына аз мөлшерде ақша аударып, аударым кезінде мәтіндік хабарламалар жазған және бұл әрекеттер жиі қайталанған", - дейді сот.
Бойжеткен ер адамның бұл әрекетінен қорқып, психологиялық қысым көрген.
Сотталушыға Қылмыстық Кодекстің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 25 тәулікке қамауға алу жазасын кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.