Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 26,36 трлн теңгеден асты
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 26,36 трлн теңгеден асты,-деп хабарлайды Kyn.kz.
1 ақпандағы мәліметке сәйкес, ел азаматтарының зейнетақы жинақтары 26,36 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады.
Соңғы 12 айдағы өсім 16,5% болған.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақ көлемі – 24,81 трлн теңге. Бір жыл ішіндегі өсім – 14,4%.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша жинақ – 736,07 млрд теңге. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 13,2%-ға артқан.
Сонымен қатар, зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл басынан бері 17,30 млрд теңгені құраған.
Сарапшылардың пікірінше, жинақ көлемінің ұлғаюы тұрақты жарналар мен инвестициялық табыстың әсерінен қалыптасып отыр.