Басты жаңалықтар

Адвокат Ғабит Өмірбек Отарда әлімжеттік көрген сарбаз Есбол Қапардың қалай және кімнен озбырлық көргенін айтып берді (Видео)

Адвокат Ғабит Өмірбек Отарда әлімжеттік көрген сарбаз туралы тың деректер пайда болды.Бұл туралы Kyn.kz тілшісі хабарлайд

Адвокат Ғабит Өмірбек Отар гарнизонында қызмет еткен сарбаз Есбол Қапарқа қатысты зорлық-зомбылық дерегі бойынша мәлімдеме жасады.

Заңгердің айтуынша, сарбаз бір ай бойы батальон командирінің және өзге әскери қызметкерлердің қысымына ұшыраған. Оның сөзінше, әлімжеттік көпшілік алдында қорлаудан басталған. Сарбазды тегімен атамай, әдейі басқа атпен шақырып, намысына тиетін сөздер айтылған.

Адвокаттың мәліметінше, сарбаз қарсылық білдіргеннен кейін аға сержант тарапынан спорт залға кіргізіліп, соққыға жығылған. Кейін тағы бір әскери қызметкер темір затпен ұрғаны, ал мұрнына әскери аяқкиіммен тепкені айтылды.

Келесі күні оның жақ сүйегі сынғаны анықталған. Заңгердің сөзінше, старшина сарбазды көпшілікке көрсетпей, бөлек бөлмеде ұстаған. Кейін майор шеніндегі офицер жағдайды көріп, медициналық көмек қажет екенін айтқан.

Адвокаттың мәлімдеуінше, сарбазды әскери бөлім аумағынан азаматтық киіммен шығарып, алдымен халық емшісіне апарған. Жағдайы түзелмеген соң ауруханаға жеткізілген. Емдеу шығындарына қаражат туыстарынан сұралған.

Қорғаушының айтуынша, кейін сарбазды пәтерде ұстап отырған. Туыстары бірнеше ай бойы іздеп, әскери бөлімнен таба алмаған соң, өздері барып анықтаған.

Қазіргі уақытта адвокат Қапардың мүддесін қылмыстық іс аясында қорғап отыр. Іс бойынша тергеу жүргізілуде.