"Адамдарға арналған "Сергек": Енді көшеде тәртіпсіздік жасаған қазақстандықтарға бақылау камераларынан автоматты түрде айыппұл келеді
Бұдан былай көшеде әкімшілік тәртіп бұзушыларға автоматты түрде айыппұл салынады,-деп хабарлайды Күн.кз.
2026 жылғы 12 наурыздан бастап Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылықтарға автоматты түрде айыппұл салу тәжірибесі кеңейтіледі.
Енді «автоматты режим» арқылы, яғни камералар, дрондар және ақылды жүйелер кез келген азаматтың әкімшілік тәртіп бұзушылығын тіркей алады. Мысалы:
Тұрғындар ең жиі бұзатын қоғамдық тәртіп; Қоқысты кез -келген жерге тастау, аялдамада шылым шегу, белгіленбеген жерден тасжолды кесіп өту, заңсыз сауда немесе белгіленген уақыттан тыс кезде спиртті ішімдік пен жасы толмаған жасөспірімдерге шылым сату,
Жүйе адамның жеке басын анықтап, ақпаратты мемлекеттік деректер базасымен тексергеннен кейін, айыппұл хатсыз-ақ автоматты түрде жіберіледі.
Бұл шара қоғамдық тәртіпті қадағалауды жеңілдетуді мақсат етеді, алайда азаматтар үшін жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер енгізеді.