«Пультпен ұрған»: Петропавлда ер адам жанжалдан кейін көз жұмды
Петропавлда әйел қонаққа келген ер адамды теледидардың пультімен ұрып,өлтіріп алды,-деп хабарлайды Kyn.kz.
Петропавл қаласында ауыр бас жарақатымен ауруханаға түскен 52 жастағы ер адам 18 ақпанда қайтыс болды.
Тергеу мәліметінше, 7 ақпан күні ол 58 жастағы таныс әйелдің үйіне қонаққа барған. Екеуі дастарқан басында отырып, ішімдік ішкен. Кейін ер адам әйелге тиісе бастағаны айтылады. Бұған ашуланған әйел жанжал шығарып, теледидар пультімен оның басынан бірнеше рет соққы жасаған.
Ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер миына түскен зақымның аса ауыр болғанын мәлімдеді. Ол 10 күннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған.
Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.