Ақмола облысында дәмхана жарылып 7 адам қаза тапты
Ақмола облысындағы Щучинск қаласында дәмханадағы жарылыстан 7 адам қаза тапты,-деп хабарлайды Kyn.kz.
Ақмола облысында, Бурабай ауданының Щучинск қаласында 26 ақпанда түнде дәмханада газ бен ауа қоспасының жарылуы салдарынан 7 адам қаза тапты. Қаза болғандардың ішінде 16 жасар қыз бала бар.
Ресми ақпаратқа сәйкес, жалпы 26 адам зардап шеккен. 13 адам Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылды, ал 6 адам амбулаториялық бақылауда.
Оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр, облыстың жедел штабы жұмыс істеуде. Өңір әкімдігі қаза тапқандар мен зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін хабарлады.