Ресейде Нұрлан Сабуровқа қатысты қатаң шектеу енгізілді
Ресейде әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты қатаң шектеу енгізілді,-деп хабарлайды Күн.кз.
Ресейде комик Нұрлан Сабуровқа елге кіруге тыйым салынды. Бұл туралы оның құқықтарын қорғайтын адвокат Сергей Жорин айтты. Заңгердің сөзінше, Сабуров бұл шешімді сот арқылы даулауға құқылы, бірақ егер депортация «қауіпсіздікке қатер төндіреді» деген негізбен шығарылған болса, істің оның пайдасына шешілу мүмкіндігі төмен.
— Бұл тіркеу мерзімін өткізіп алу сияқты қарапайым әкімшілік жаза емес. Сабуровқа қойылған 50 жылдық тыйым — өте қатаң әрі маңызды шара, — деді Жорин.
Сонымен қатар адвокат егер тыйым негізсіз немесе рәсімдік қателіктермен шығарылған болса, оны аудандық сотта қайта қарауға болады деп түсіндірді.