Басты жаңалықтар

Белгілі кеңес суретшісінің құнды жәдігері араға 18 жыл салып табылды.

2000 жылы жоғалып кеткен ҚазССР еңбегі сіңген қайраткері Евгений Сидоркиннің еңбегі "Целинный" кинотеатрынан табылды.

«Целинный» кинотеатрында бірінші шараға дайындық кезінде гипсокартон қабатының астынан нағыз құнды жәдігер табылды. Бұл кеңес суретшісі, ҚазССР еңбегі сіңген қайраткері Евгений Сидоркиннің еңбегі. 1960 жылдардың басында ол «Целинный» фойесі үшін көпқабатты үлкен композиция жасаған болатын», - деп жазды Facebook парақшасында «Целинный» замануи өнер орталығы. Көпшілік өнер туындысы 2000 жылы күрделі жөндеу жұмыстары кезінде жоғалып кетті деп ойлап жүрген. Сол себепті, оның көшірмесі жасалып, ғимараттың оңтүстік қасбетіне орналыстырылған еді. Ал енді  туындының түпнұсқасын 14-қыркүйектен бастап өнер орталығында халықтың назарына ұсынатын болады.