Қазақстанда қыс айында күн жылынып, 51 жылдық рекордты жаңартты
Елімізде қыс айы күн жылынып, артынша қатты аязға ұласты.
2026 жылғы қаңтар айында Қазақстанда ауа температурасы бойынша 51 жыл бойы сақталған рекорд жаңартылды. Аномальды күн жылуынан кейін ауа райы құбылып, -40 градусқа дейін аяз келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, қаңтардың алғашқы онкүндігі бүкіл ел аумағында күн жылы болған. Мысалы, 11 қаңтарда Қарағандыда ауа температурасы +5,5 градусқа жетті. Шымкентте +17,4 градус, Таразда +19,3 градусқа дейін жетті.
Өскеменде де бұрын-соңды болмаған жылы ауа райы болды. 13 қаңтарда Түркістанда +16,8 градус болды. Бірақ айдың ортасына қарай күн райы күрт өзгерді. Солтүстік өңірлерге суық ауа келіп, түнде температура –30…–38 градусқа дейін төмендеді. Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында –40 градусқа дейін аяз болды. Марқакөл метеостанциясында –42,6 градус тіркелді.
Астанада қаңтардың орташа температурасы -14,3 градус болды. Ең жылы күн 11 қаңтар (+1,6), ең суық күн 17 қаңтарда (–28,3 градус) болып белгіленген. Бір айда 23 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл норманың (18 миллиметр) 128 пайызын құрайды.