Атырау облысында ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдіктілер қалай қолға түсті?
Атырау облысында ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдіктілер ұсталды,-деп хабаралайды Kyn.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Атырау облысында ерлі-зайыптылардың өліміне қатысты күдіктілердің ұсталу сәті түсірілген видеоны жариялады.
Ведомство мәліметінше, негізгі күдікті Ломбок аралындағы Сенару ауылынан табылып, ұсталған. Операция шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілген.
Іс бойынша тағы бір күдікті — марқұмдардың қызы. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол да ата-анасының өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген.
Еске салайық, отбасы 2025 жылдың күзінде хабар-ошарсыз кеткен. 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, бір айдан астам уақыт бойы ағасы мен оның отбасымен байланысқа шыға алмай отырғанын хабарлаған. 6 қаңтарда ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды.
Санжар Әділов, ІІМ орынбасары, күдіктілердің бірі — қаза болғандардың қызы мен оның бұрынғы жұбайы екенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.