Щучинскіде жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі
Щучинскіде жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңгеден беріледі,-деп хабарлайды Kyn.kz.
Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың отбасына 2 миллион теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.
Бұл туралы Бурабай ауданы әкімі мәлімдеді.
Сондай-ақ, оқиға салдарынан зардап шеккен азаматтарға 1 миллион теңгеден төленетіні хабарланды.
Қазіргі уақытта жауаптылар жағдайды бақылауда ұстап отыр.