Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті
Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Әмірліктердің басшылығы мен халқына шынайы құрметі мен тілектестігін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның ұстанымын жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Қазақстан Президенті өңірдегі ахуалдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, Әмірліктердің басшылығы мен халқына шынайы құрметі мен тілектестігін жеткізді. Сондай-ақ қарулы қақтығыс салдарынан Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын атап өтті.

«Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қал-қадерінше көмектесуге дайын», – деді Қазақстан президенті.

Президент БАӘ-нің азаматтық нысандарына, сондай-ақ Парсы шығанағындағы өзге елдерге жасалған шабуылдар қатаң айыпталуға тиіс екенін айтты.

Өз кезегінде Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанның қолдауын жоғары бағалап, халықаралық дағдарысты еңсеруге жәрдемдесуге дайын екені үшін ризашылығын білдірді.

Тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Сонымен қатар қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар