Қоғам

"10 минутқа шығып кеткендей": Ақтауда ер адам жоғалып кетті

38 жастағы ер адамға іздеу жарияланды.

Ақтауда 38 жастағы ер адам жоғалып кетті. Көршілері Андрей Сотниченконы бір апта көрмегендерін айтып, іздеу салады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат желіде тарады. Жақындарының айтуынша, Андрей 12-ықшамауданында тұрады. Көрішелрі оны бір апта бойы көрмеген. Сол себепті полицияға хабарласып, іздеу жариялаған. Пәтерден ешкім табылмаған.

«Ол дүкенге баратын. Таныстары келіп тұратын. Бірақ бір апта бойы тып-тыныш болып қалды. Пәтердің терезесі де ашық тұр. Ол 10 минутқа шығып кеткен секілді. Оның бұл жерде ешқандай туысы жоқ. Астраханьда әпкесі тұрады, ол уайымдап жатыр», - дейді танысы.

Ер адамның бойы 170 см, шашының түсі ашық. Егер ер адам туралы білгендер болса +7 705 144 2541 (Юлия) теелфон нөміріне хабарласуға болады.