Басты жаңалықтар

“Жағдай ушықты”: Жанболат пен Жазира Дубайда қалып қойды

Жанболат Бақытбеков пен Жазира Байырбекова Дубайда қалып қойғанын мәлімдеді.

Жанболат Бақытбеков пен Жазира Байырбекова Дубайда қалып қойғанын мәлімдеді. 

Әншілер Біріккен Араб Әмірліктеріне демалыс мақсатында барып, Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты елге қайта алмай қалған.

Бұл туралы Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Директке, WhatsApp-қа жазып жатқан туған-туыс, дос-жарандарға үлкен рақмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Алла қаласа, жақсы күнде жолығамыз. Ниеттеріңізге рақмет!" – деп жазды әнші.