Басты жаңалықтар

АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясы төрт аптаға созылуы мүмкін – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция шамамен төрт аптаға жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Daily Mail басылымына берген сұқбатында айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операция шамамен төрт аптаға жоспарланғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Daily Mail басылымына берген сұқбатында айтты.

«Біз бұл шамамен төрт аптаға созылады деп болжап отырмыз. Тарихта да мұндай үдерістер әдетте төрт аптаға жоспарланған. Сондықтан операцияның күрделілігіне қарамастан, ол төрт аптада немесе одан да қысқа мерзімде аяқталады», – деді Трамп.

Президенттің сөзінше, соққылардың нәтижесі оны таңғалдырмаған. Ол операция барысында Иран басшылығының көзі жойылғанын айтты. Бұған дейін Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи, сондай-ақ бірқатар жоғары лауазымды тұлғалардың қаза тапқаны хабарланған.