Kaspi.kz Таяу Шығыс елдерінде жүрген клиенттеріне қолдау көрсетпек
Kaspi.kz өз клиенттеріне көмек көрсетпек.
Kaspi Travel арқылы тур немесе «барып-қайту» авиабилеттерін сатып алған және қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол аймақта транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттеріне материалдық көмек көрсетпек, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Kaspi Gold картасына күн сайын материалдық көмек аударылады:
• тәулігіне 35 000 ₸ — әрбір ересек адамға;
• тәулігіне 15 000 ₸ — әрбір балаға.
Kaspi.kz өз клиенттерімен байланыста және оларды қолдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда екенін мәлімдеді.