“Жазамызды өтедік”: Қазақ қыздарына тіл тигізген блогер босатылды
Қазақ қыздарын қорлаған блогер бостандыққа шықты.
Қазақ қыздарын қорлаған блогер бостандыққа шықты.
Алматыда қазақ қыздары туралы даулы пікірлерінен кейін тағы бір блогермен бірге қамауға алынған ресейлік стример Анар Абдуллаев елге оралғанын мәлімдеді.
«Әлі күнге дейін бәрі осылай болғанына сене алар емеспін. Ренат екеуміз өте ауыр жолдан өттік, менің ойымша, бұл бізге лайық сынақ болды. Жазамызды өтедік. Ешкімге қолайсыздық не қорлау жасағымыз келген жоқ, осыны баршаға жеткізгім келеді», - деді ол.
Абдуллаев кешірім сұрап, ешкімнің көңіліне тиюді, әсіресе қорлауды мақсат етпегенін жазды. Өзінің достық пейілді адам екенін атап өтті.