Қоғам

Израиль Ливанға шабуыл жасады

Израиль "Хезболла" қозғалысына қарсы шабуыл операциясын бастады.

Израиль Ливандағы "Хезболла" қозғалысына қарсы шабуыл операциясын бастады. Бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Бас штабының бастығы Эяль Замир мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Біз "Хезболлаға" қарсы шабуыл науқанын бастадық. Біз тек қорғаныста әрекет етіп жатқан жоқпыз, енді шабуылға да көшеміз. Ұзаққа ұрыс күндеріне дайын болу қажет", - деді Замир әскери қызметкерлермен өткен кеңесте.

Бұған дейін ливандық "Хезболла" тобы Израильдің Хайфа қаласына "Али Хаменеидің қаны үшін кек" деп зымыран және дрон соққыларын жасады.  

Жауап ретінде Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Ливан аумағындағы "Хезболла" ұйымының нысандарына соққы бере бастады.

БАҚ мәліметінше, Израильдің Ливанға жасаған соққысы салдарынан "Хезболланың" саяси қанатының жетекшісі Мохаммед Раад қаза тапқан. Ол Ливан Ұлттық ассамблеясындағы (парламентіндегі) "Қарсылыққа адалдық" атты парламенттік блоктың жетекшісі болған.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастаған болатын. Тель-Авив соққылардың мақсаты Тегеранның ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп өз кезегінде Иранның флотын және қорғаныс өнеркәсібін жою ниеті бар екенін айтып, ел азаматтарын режимді құлатуға шақырды.