Астанада LRT-ның қашан толық жұмысын бастайтыны белгілі болды
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан қосылатынын айтты.
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-ның қашан толық іске қосылатынын айтты. Бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды.
«Біз «Әуежай», «Бәйтерек», «Министрліктер үйі», «Музей» станцияларының жай-күйін қарадық. Сынақ бағдарламаға сай бүкіл желі бойынша жүріп жатыр. LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды. Сынақтық пайдалануды аяқтау және жолаушылар қозғалысын бастау күні барлық іс-шара кешені толық орындалып, жүйенің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін анықталады. LRT жұмысының басталуы жақын айларда (көктемде) күтіледі», - деп жазған әкім.
Айта кетейік, үкіметтің мәліметіне сүйенсек, LRT желілері қазір күніне 12 сағат сынақтан өтіп жатыр. Дегенмен, олар түнде де сынақтан өтеді.