Семейде «Газель» көлігінен екі ер адамның мәйіті табылды
Семей қаласында «Газель» көлігінен екі ер адамның мәйіті табылды,-деп хабарлайды Kyn.kz.
1 наурыз күні Семей қаласының маңында екі ер адамның мәйіті табылды.
Алдын ала деректерге сәйкес, «Газель» маркалы көлік қаладан тысқары орналасқан жанармай құю бекетінің жанында тұрған. Көліктің есіктері ішінен құлыпталып, қозғалтқышы оталып тұрған күйде болған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Болжам бойынша, ер адамдар көлік ішінде ұйықтап қалып, қозғалтқыштан бөлінген улы газға уланып көз жұмған болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сараптамалар тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Мамандар жабық кеңістікте оталып тұрған көлікте болудың өмірге аса қауіпті екенін ескертеді.