Басты жаңалықтар

Алматыда арықтан табылған әйелді өлтірген күдікті түрмеге қамалды

Егер оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«Аталған дерек ҚР ҚК 99- бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазір күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,-деді ҚР ІІМ. Алматы қалалық сотынан хабарлағандай, ер адам 2 айға қамауға алынған. «№2 Медеу аудандық соты ер адамды бұлтартпау шарасы туралы санкция шығарды. Енді ол 2 ай бойы, яғни 2018 жылдың 9-қыркүйегіне дейін қамауда болады. Оған қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалды», - деді қалалық соттың баспасөз қызметінен. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға 9-шілдеде болған еді. Әл-Фараби көшесіндегі арықтардың бірінен 26 жастағы әйелдің денесі табылған болатын.