Саясат

Иран Израиль премьерінің кеңсесіне шабуыл жасады

Иран Израиль премьері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы берді.

Иран Израиль премьері Нетаньяхудың кеңсесіне шабуыл жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Кеңсеге Иранның 10-шы контршабуылында Kheibar зымырандары арқылы шабуыл жасаған. 

«Қылмыскер премьер-министрдің кеңсесі мен Израиль Әуе күштері қолбасшысының орналасқан жері шабуылдардың оныншы толқыны аясында “Хайбер” зымырандарымен нысаналы әрі тосын соққыларға ұшырады», — делінген мәлімдемеде.

Қазір Нетаньяхудың жағдайы белгісіз, Израильдің ресми өкілдері әлі ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ.

Ақпаратқа сәйкес, нысандарға соққы тиіп, елеулі шығын келтірілген.