Шымкентте аудан әкімінің қызметкерін ұрған видеосы тарады (ВИДЕО)
Аудан әкімі өз қызметкерін ұрып-соққан.
Шымкентте Қаратау ауданы әкімінің қызметкерін ұрған видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы заңгер Айгүл Орынбек жазды. Айтуынша, оқиға өтен жылдың қазан айында болған.
«Видеода Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі өз қызметкеріне күш қолданып, ұрып-соғып жатқаны көрінеді. Иә, қызметкер жұмысынан айырылып қалмас үшін әкімге қарсы арыз жазбауы мүмкін. Бірақ жанына қатты батқан адам бұл видеоны бекерден-бекер таратпайды ғой, деп жазды заңгер.
Ол соңғытта Шымкентте қылмыстық әрекеттер көбейіп кеткенін айтады.
«Бұл қалаға Президент алдында жауап беретін адам бар ғой. Сол жауап берсін! Соңғы уақытта Шымкентте неге қылмыстық әрекеттер көбейіп кетті?
Неліктен әкімдік қызметкерлері бір-біріне оқ атып, төбелесуге дейін барып жатыр?», - деп жазды заңгер.
Айта кетсек, қазіргі уақытта Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданын Алмас Абаев басқарады. Ол бұл қызметке 2025 жылы тағайындалған.