Хаменеиді өз қолбасшысы сатып кетті ме?
Хаменеиді өз қолбасшысы Исмаил Каани сатып кетті ме?
Әли Хаменеи қаза тапқаннан кейін оның нақты орналасқан жері қалай анықталғаны жөнінде түрлі болжамдар айтылуда. Батыстық БАҚ нұсқасына сәйкес, Central Intelligence Agency (ЦРУ) Иран ішіндегі жоғары лауазымды дереккөздер арқылы кездесу орны туралы ақпарат алған болуы мүмкін.
Тегеранда күдік Исмаил Каани есіміне қатысты айтылып жатыр. Ол – Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының «Қудс» күштерінің қолбасшысы. Кейбір деректерге сүйенсек, Каани шабуыл алдында Хаменеимен кездескен соңғы тұлға болған және соққы жасалардан бірнеше минут бұрын ғимараттан шығып кеткен.
Батыс медиасы ұқсас жағдай 2024 жылы Хасан Насраллаға қарсы операция кезінде де байқалғанын жазады. Онда да Каани Бейруттағы кездесуден әуе соққысына аз уақыт қалғанда кеткені айтылған.
Алайда бұл ақпараттардың барлығы ресми түрде расталған жоқ. Иран билігі аталған айыптауларға қатысты нақты мәлімдеме жасаған жоқ.