Ақтөбе қаласында газ құю станциясында жарылыс болды (ВИДЕО)
Ақтөбеде газ құю станциясында газ жарылып, өрт шарпыды.
Ақтөбе қаласында, Алматы ауданындағы автогаз құю станциясының жер үсті резервуарларының бірінде газ-ауа қоспасы жанып, жарылыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ТЖД күштері оқиға орнына дереу жетіп, өрт сөндірушілер жоғары қауіп жағдайында жұмыс істеді.
“Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті.
Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖД, ЖҚЖ және Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері және 16 бірлік техникасы жұмылдырылды.