Басты жаңалықтар

Ақмола облысында ер адам отбасының төрт мүшесін өлтіріп кетті

Ақмола облысында ер адам отбасының төрт мүшесін өлтіріп кеткен,-деп хабарлайды КҮН.КЗ.

Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті тұрғын өз отбасының төрт мүшесін – әкесі мен анасын, ағасын және жиенін өлтірген.

Ақмола облысы полиция департаменті хабарлауынша, күдікті қылмыс жасалғаннан кейін көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция өкілдері істің облыстық департамент басшылығының қатаң бақылауында екенін мәлімдеді.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.