Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды
Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айнұр Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Бұл қызметте оны Ұлан Бекіш алмастырды.
"Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.