Қостанайда ер адам мен үш айлық сәби тіл тартпай кетті
Екатеринбург тас жолында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Kyn.kz.
Екатеринбург тас жолында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Kyn.kz.
1993 жылы туған жүргізуші Audi көлігін басқарып, Қостанай бағытына қарай келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, JAC көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Апат салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ есін жимастан үш айлық қыз бала қайтыс болды. Тағы бір жолаушыны құтқарушылар зақымданған көліктің ішінен шығарып алды. Қазір ол ауыр хәлде медициналық мекемеде жатыр. Бұдан бөлек, JAC көлігінде болған екі адам да жарақат алған.
Полиция мәліметінше, жол апаты күндіз болған, аталған учаскедегі жол жабынында ақау болмаған, ал көріну мүмкіндігі шектелмеген.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.