Талғарда ер адамды атып өлтіріп, екі жасар қызды ұрлаған: прокурор қылмыскерді өмір бойына соттауды сұрады
Талғардағы қанды қылмыс: әйелді зорлау, ер адамды өлтіру, екі жасар қызды ұрлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын.
Талғарда әйел зорлау, ер адамды өлтіріп, екі жасар қызды ұрлаған айыпталушыға қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Прокурор оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жәбірленуші тараптың адвокаттары – Жандос Палманов, Гаухар Сариева және Асылбек Абдраимовтың айтуынша, прокурор негізгі айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын талап етіп отыр.
Ал кәмелетке толмаған екі сыбайласқа (А. және К.) мемлекеттік айыптаушы әрқайсысына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
«Алдын ала келісіп, бірлесіп кісі өлтіру айыбы бойынша прокурор әр сотталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Адам ұрлау бойынша 7 жыл 6 ай жаза талап етті. Прокурор кәмелетке толмағандардың әрқайсысына түпкілікті 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады», – деп түсіндірді адвокат Палманов.
Аталған резонансты іс бойынша негізгі фигурант – Е. есімді азаматқа бірден 12 бап бойынша айып тағылған:
1. 99-бап, 2-бөлім, 7-тармақ – «Адамдар тобы болып жасалған кісі өлтіру».
2. 125-бап, 3-бөлім, 2-1-тармақ – «Кәмелетке толмағанды тарта отырып адам ұрлау».
3. 120-бап, 1-бөлім – «Зорлау».
4. 121-бап, 1-бөлім – «Күш қолдану арқылы сексуалдық сипаттағы әрекеттер».
5. 190-бап, 3-бөлім, 4-тармақ – «Адамдар тобы болып жасалған алаяқтық».
6. 147-бап, 5-бөлім – «Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу (оның ішінде жеке деректерді онлайн-платформаларда заңсыз тарату)».
7. 149-бап, 2-бөлім – «Тұрғын үйге заңсыз кіру».
8. 115-бап – «Адам өлтіремін деп қорқыту».
9. 287-бап, 3-бөлім – «Қаруды заңсыз дайындау».
10. 288-бап, 1-бөлім – «Қаруды заңсыз сақтау».
11. 200-бап, 1-бөлім – «Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иемдену».
12. 132-бап, 4-бөлім – «Кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту».
Ал кәмелетке толмаған күдіктілер А. және К. адамдар тобы болып жасалған кісі өлтіру және кәмелетке толмаған баланы ұрлау.
Еске салсақ, 2025 жылдың 6 қыркүйегінде Талғар қаласының маңындағы Қызыл қайрат ауылында ер адам жергілікті тұрғынды атып өлтіріп, екі жасар қызды ұрлап кеткен. Артынша, күдікті ұсталып, бала анасына қайтарылды.