Басты жаңалықтар

Шетелде қалып қойған Қазақстан азаматтары қашан оралады?

Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялау бағыттары бекітілді, деп хабарлайды kyn.kz.

Қазақстан азаматтарын Ираннан эвакуациялау бағыттары бекітілді, деп хабарлайды kyn.kz. 

СІМ мәліметінше, отандастарымыз көршілес елдер арқылы елге жеткізіледі. Армениямен Иран–Армения шекарасынан кедергісіз өту туралы келісім жасалды. Әзірбайжан мен Түрікменстан да көмек көрсетуге дайын. 

Министрлік дерегінше, ахуал шиеленіскен аймақтарда шамамен 8,5 мың қазақстандық бар. Оның ішінде БАӘ-де – 3 500, Сауд Арабиясында – 3 000-ға жуық, Қатарда – 1 500 адам. Сондай-ақ Иранда – 82, Бахрейнде – 168, Кувейт пен Иорданияда – 268, Израильде шамамен 100 отандасымыз жүр.

Ведомство зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлады.