«1 миллион теңге»: Көлік министрі желіде талқыға түскен бас киімінің бағасына қатысты айтты
Көлік министрі талқыға түскен бас киімнің бағасы қанша екенін айтты.
Әлеуметтік желіде осыған дейін Мәжіліске Италиялық Loro Piana брендінің кепкасын киіп келген Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың бас киімі қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары шенеуніктің бас киімі 1 миллион теңге тұратынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның видеосы желіде тарап, онда министрдің қымбат киіммен Парламент ғимаратына кіріп бара жатқаны көрсетілген. Желі қолданушылары шенеунік киген бас киім шамамен 1 миллион теңге тұратынын жеткізді.
“Шынымды айтсам, брендтерді онша түсінбеймін. Өмірде аскетпін... Енді білдім. Бірақ бағасы туралы айтылған мәлімет қате деп ойлаймын”, – деді министр.
