Қоғам

АҚШ пен Иран қақтығысынан кейін мұнай бағасы күрт қымбаттады

Мұнай бағасы 8 айдан кейін алғаш рет 80 доллардан асты,-деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі.

АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған әскери шабуылынан кейін мұнай нарығында баға күрт өсті. Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 13,04%-ға өсіп, баррелі 82,37 долларға жетті. Бұл соңғы 8 айдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр.

Трейдерлер Ормуз бұғазы арқылы тасымалдау тәуекелдерін ескере отырып, бағаның өсуіне әсер еткен факторларды қадағалап отыр. Сарапшылардың пікірінше, Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай экспортын қиындатып, халықаралық нарықтағы тұрақсыздықты күшейтуі мүмкін.