Сауд Арабиясынан эвакуацияланғандардың алғашқы легі мінген ұшақ Атырауға қонды
Мединаға кеткен қазақстандықтардың алғашқы легі елге оралды.
Сауд Арабиясына он күн бұрын қажылыққа шыққан қазақстандықтардың алғашқы легі мінген ұшақ Атырауға қонды. Олар 28 ақпанда Таяу Шығыста әскери қимылдар басталғандықтан елге орала алмай қалды. Ұшақта барлығы 200 адам болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Atyrau Today-ге сілтеме жасап.
Бүгін күндіз қажылыққа кеткендерді алып келу үшін Air Astana әуе компаниясының төрт ұшағы жөнелтілді: олардың үшеуі Атырауға, біреуі Ақтауға қонады. Ұшақта барлығы 200 адам болды.
Қажылыққа кеткендердің арасында Алматы, Шымкент, Астана және елдің басқа аймақтарының тұрғындары бар. Тіркеу рәсімінен өткеннен кейін олар дереу өз қалаларына жолға шығады.
Жолаушылардың өз сөздеріне сенсек, Мекке, Жиддә және Мединада жағдай тыныш, адамдар арасында дүрбелең байқалмаған.