Басты жаңалықтар

“5 баласы қалды”: Ақтөбеде ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзіне қол салған

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында былтырғы қарашада болған адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды kyn.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ер адам әйелімен бірге көлікпен тасжолы бойымен келе жатқан. Жолда олардың арасында жанжал туындаған.

Сотта анықталғандай, ер адам көлікті тоқтатып, ас үй пышағын алып, артқы орындықтағы жұбайының қасына отырған. Ол әйелін етпетінен жатқызып, сол аяғымен арқасын басып тұрып, мойын тұсына бірнеше рет пышақ салған. Алған жарақаттары салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Кейін ер адам жол бойынан арқан сатып алып, өндірістік цех аумағында асылып қалған. Марқұмдардың артында 5 баласы қалды.