Басты жаңалықтар

«Астананың бағасынан жоғарырақ»: Шымкентте 8 наурызға орай аналарға 21 625 теңге төленеді

Шымкент 8 наурыз қарсаңында көпбалалы аналарға біржолғы төлем тағайындалады,-деп хабарлайды Күн.кз.

Шымкентте Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл жолы қаржылай қолдау көлемі Астанамен салыстырғанда жоғары.

Қалалық бюджет есебінен 14 267 әйелге 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде – 21 625 теңге аударылады.

Төлем кімдерге қарастырылған?

Біржолғы әлеуметтік көмек төмендегі санаттағы аналарға беріледі:

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне;

«Батыр ана» атағын алған әйелдерге;

«Ана даңқы» орденінің I және II дәрежесімен марапатталған аналарға.

Маңызды талап – алушылар 2026 жылғы 8 наурыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында тұрақты тіркеуде болуы тиіс.

Ресми дерекке сүйенсек, қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген. Осылайша мегаполис әлеуметтік қолдауды күшейтіп, көпбалалы аналарға мерекелік кезеңде нақты қаржылай демеу көрсетпек.