Ер адам 2,5 жастағы қызына азғындық жасаған болуы мүмкін — Заңгер
Құқық қорғаушы Ләззат Ракишева Threads желісінде 2,5 жасар балаға қатысты ауыр қылмыс болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды kyn.kz.
Құқық қорғаушы Ләззат Ракишева Threads желісінде 2,5 жасар балаға қатысты ауыр қылмыс болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды kyn.kz.
Қыздың анасы әкесінің заңға қайшы әрекеттеріне күмәнданып, құқық қорғау органдарына арызданған.
Әйелдің айтуынша, шомылдыру кезінде қызының мінез-құлқы күдік туғызған. Бала кейбір әрекеттерге оны «папасы үйреткенін» айтқан. Кейін қыз әкесінің орынсыз әрекеттері туралы айтып, ауырсынуға шағымдана бастаған.
Дағдарыс орталығында психологтың қатысуымен өткен сұхбат барысында бала өз сөздерін қайталаған. Анасының сөзінше, полиция арызды бірден қабылдамаған, оған қайта жүгінуге тура келген.