Мәдениет

“Келін боласың деп өсірмеймін”: Қайрат Нұртастың әйелі тосын жазба жариялады

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады, деп хабарлады kyn.kz.

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әсерлі жазба жариялады, деп хабарлады kyn.kz. 

Актриса қызы Алаумен түскен суретін жүктеді.

"Біліп жүргейсіз. Менің қызым өз үйіне қонақ емес, ол менің жалғасым. Мен қызымды өзге үйге “келін боласың”-деп өсірмеймін, өз өмірі, қалауы, еркі, сезімі бар тұлғасың деп аялаймын. Қызыма қырық үйден тыйым емес қолдау бар", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

"Осы сөздің мағанасын тек қыз өсіріп отқан аналар жақсы, дұрыс жағынан түсінсе , қыз құт! Қыз қонақ емес! Өте салмағы ауыр сөз", "Міне көзі ашық, көкірегі ояу АНА", - деп жарыса қолдап жазды желі қолданушылары.