Қоғам

АҚШ Испанияға сауда қысымын көрсетуі мүмкін: Трамп Мадридке неге өкпелі?

Трамп Иранға қарсы операция кезінде Испания өз аумағындағы әуе және әскери базасын пайдалануға рұқсат бермегеніне наразылық білдіріп, Мадридпен сауда қатынасын тоқтатуы мүмкін екенін айтты.

Дональд Трамп Испанияның америкалық сарбаздарға өз әскери базаларын пайдалануға рұқсат бермегенін сынға алды. АҚШ президенті бұл әрекетті «сенімсіз одақтастық» деп атап, қажет болған жағдайда Мадридпен сауда қатынасын тоқтатуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Испания билігі Иранға жасалған әскери соққыларға қатысудан бас тартты және бірлесіп басқарылатын әскери базаларды АҚШ күштеріне пайдалануға бермеді. Мадридтің позициясы халықаралық құқыққа негізделген: әскери нысандар тек келісімге сәйкес пайдаланылуы тиіс. Сонымен қатар, Испания Таяу Шығыстағы шиеленісті ушықтырмауға, Тегеранмен мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

Айта кетейік, Испания әскери шығындарын арттыруға да келісім берген жоқ. Бұл АҚШ тарапынан наразылыққа себеп болып отыр және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың күрделенуіне әкелуі мүмкін.