«Папа құртты аузыма тықты. Бетім кір болды»: қазақстандық әйел 2,5 жасар қызын күйеуінің зорлағанын айтты
Әйел 2,5 жасар қызын күйеуі зорлағанын айтып, арызданды.
Әлеуметтік желіде әйел 2,5 жасар қызына өз әкесі азғындық көрсеткенін жазды. Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева өзінің парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, өзіне қыздың анасы көмек сұрап жүгінген.
“Келесі күні оқуға баруым керек болды. Қызымды әкесінде қалдырғым келмеді. Сөйтіп анама апарып тастадым. Жұма күні қызымнан "Папа не істеді?" деп тағы сұрағанымда "Папа құрт көрсетті" деді. Мен "Құрт қайдан шықты?" десем, "шалбардан шықты" деді. "Құрт не істеді?" дедім, "Құрт көтенімді иіскеді. Папа құртты аузыма тықты. Бетім кір болды. Папа құрттың басын жұлып тастады" деп жауап берді», - дейді әйел.
«Жыныс мүшесін сүртпек болғанымда, ол жылап: "Жыныс мүшем ауырады, папа саусағын тықты, ауырады, вава болды" деді. Мен екі күн бойы РОВД-ға барды. Екінші күні кешке ғана арызымды қабылдады. Кейін бізді дағдарыс орталығында тергеді. Онда психологтың қатысуымен бала әкесінің жыныс мүшесіне және көтеніне саусағын тыққанын айтты. Маған бейнежазба жасауға рұқсат берілмеді”, – делінген жазбада.
Заңгер әйелге арыз жазуға көмек бергенін жазды. Қазіргі кезде әйел қызымен тергеуші мен адвокатпен бірге екенін жазды.