Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте полицейге қол көтерген жасөспірім қамауға алынды

Шымкентте полицейге қол көтерген жасөспірім қамауға алынды
Pixabay.com
Шымкент қаласында полиция қызметкеріне күш қолданған кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты сот үкім шығарды.Үкімге сәйкес, жасөспірімге 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды,-деп хабарлайды Kyn.kz.

Шымкент қаласында полиция қызметкеріне күш қолданған кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты сот шешімі жарияланды.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қараша айында төбелес туралы шақыртуға келген тәртіп сақшыларының қызметтік көлігіне жасөспірім аяқпен соққы жасаған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері көліктен шыққан кезде ол заңды талаптарға бағынбай, олардың бірінің бет тұсына соққы берген. Сот құжаттарында көрсетілгендей, келтірілген дене жарақаты денсаулыққа зиян келтірмеген.

Сот отырысында жасөспірім кінәсін толық мойындап, өкінетінін білдірген және жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Бұл мән-жайлар сот тарапынан жеңілдететін жағдай ретінде ескерілді.

Сот оны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы – билік өкіліне қатысты күш қолдану немесе қорқыту бойынша кінәлі деп таныды. Үкімге сәйкес, жасөспірімге 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар