Қоғам

Алматыда Робо-DJ мен Go-Go Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Жасанды интеллект жылы» аясында референдумды қолдауға арналған «Jas Stars» атты ауқымды концерттік кеш өтті.

Заманауи технология мен өнер тоғысқан бұл шара көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Іс-шараның басты ерекшелігі – сахна төрінде роботтардың өнер көрсетуі болды. Кеште Темірбек есімді Robo-DJ заманауи музыканы жоғары деңгейде микстеп, залдағы көрермендердің көңіл күйін көтерді.

Сонымен қатар, Go-Go Robo-бишілер сахнада би ырғағымен қозғалып, технология мен хореографияның үйлесімділігін паш етті. Робот-бишілердің синхронды қимылдары мен заманауи музыкалық сүйемелдеуі кештің ажарын аша түсті.

5000 нан аса жастар қатысқан шара барысында қоғам белсенділері 15 наурызда өтетін жалпыұлттық референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтіп, барша қатысушыларды дауыс беруге шақырды.

«Jas Stars» концерті өнер мен цифрлық технология үйлесім тапқан жарқын жоба ретінде есте қалды.