Басты жаңалықтар

Төреғали Төреәлі Түркістанға көшкенін мәлімдеді

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Түркістан қаласына қоныс аударғанын хабарлады.

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Түркістан қаласына қоныс аударғанын хабарлады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Өнер иесі жаңа мекенді саналы түрде таңдағанын атап өткен. Оның айтуынша, Түркі әлемінің рухани орталығы саналатын қала – тек киелі орын ғана емес, сонымен қатар жаңару мен дамудың, шығармашылық шабыттың кеңістігі.

Әнші алдағы жоспарлары мен шығармашылық жобалары туралы әзірге нақты мәлімет бермеді.