Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкенттегі қайғылы қаза: Бір тұрғын үйден бірнеше мәйіт табылды

Шымкенттегі қайғылы қаза: Бір тұрғын үйден бірнеше мәйіт табылды
Фото: freepik.com
Шымкенттегі көпқабатты үйдің үш бірдей пәтерінен тұрғындардың мәйіті табылды, деп хабарлайды kyn.kz.

Шымкенттегі көпқабатты үйдің үш бірдей пәтерінен тұрғындардың мәйіті табылды, деп хабарлайды kyn.kz. 

Алдын ала болжам бойынша марқұмдардың барлығы газдан уланып ажал құшқан. Марқұмдардың ең кішісі 16 жаста болса, үлкені 32 жастағы келіншек.

Түскі 13:00 шамасында жұмыстан үйіне келген үшінші қабат тұрғыны далаға шығып көмек сұраған екен. Үйдегі жуынатын бөлме есігін бұзып кіргенде 18 жастағы студент қыздың мәйіті табылған. Екі сағаттан төртінші қабаттың тағы екі пәтерінен үш адамның мәйіті табылған. Бірі терезені ашуға талпынып құлаған студент жігіт болса, қалған екеуі оқушы қыз бен оның жеңгесі.

Шымкент қалалық полиция департаменті аталмыш іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар