Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысында сүйіктісін терезеден аңдыған адам істі болды

Атырау облысында сүйіктісін терезеден аңдыған адам істі болды
Фото: freepik.com
Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны Қылмыстық кодекстің 115-1 («Сталкинг») жаңа бабы бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды kyn.kz.

Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны Қылмыстық кодекстің 115-1 («Сталкинг») жаңа бабы бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды kyn.kz.

Ер адам 2025 жылдың қыркүйегінде жәбірленушіні аңдып, үйіне жиі келіп терезесінен сығалаған. Ер адам әйелдің психологиялық жағдайына елеулі зиян келтірген.

Әйел ер адамның бұл әрекетіне шыдамай, құқық қорғау органына жүгінген.

Бас прокуратураның мәліметінше, сот сталкерге 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады. 

Айта кетейік, 2025 жылдың шілдесінен бастап кез-келген адамның еркінен тыс қарым-қатынас орнатуға тырысу қылмыс болып саналады. Сталкер тіпті қол жұмсап, денсаулыққа зиян келтірмесе де жауапқа тартылады. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар