Басты жаңалықтар

Қарыздан құтылу жолын айтқан айтыскер Сара Тоқтамысова сынға қалды

Танымал айтыскер ақын Сара Тоқтамысова желіде қарыздан құтылу жолдарын көрсетемін деп, елдің сынының астында қалды. Айтыскер ақын халыққа қарыз бен кредиттен құтылудың жолын ұсынған, деп хабарлайды kyn.kz.

Ол өзінің желідегі парақшасыда: «Қарыздан құтылып, ризық-несібесі артсын деген жанға жіберіңіз» деп, «Әл-муғни», «Әл-Уаххаб», «Әр-Раззақ» деген Алланың үш есімін айтуға кеңес берген.

Желі қолданушыларының арасында оған қолдау көрсетіп, келіскендері де, сыни пікірлерін жаудырғандар да болды. 

«Қарызға кірмес бұрын адам ойлану керек, алмақтың да салмағы бар деген. Өзің бірінші әрекет жасап, жұмыс істеп, ақша тауып қарыздан құтылудың жолын іздеу керек. Үнемшілдік есеп болу керек. Бұл үш дұғаны жай оқығаннан еш пайда жоқ. Қазақша іштей құдайға ниет білдіру жеткілікті болады есептеймін», «Өтірік кұран сөздерін пайдаланып адамды жинау», «Ой сіздер де ақыл айтып қоймадыңыздар ғой» деп жазуда олар.