Ақтөбе тұрғындары наурыз айында үш күн автобуста тегін жүре алады
Наурыз айындағы мерекелерде ақтөбеліктер қоғамдық көлікте тегін жүретін болды.
Наурыз айындағы мерекелерде және референдум өтетін күні ақтөбеліктер қоғамдық көліктерде тегін жүре алады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласы әкімінің қаулысына сәйкес 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде нәзік жандылар қалалық автобустарда тегін қатынайды.