Қоғам

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 851 жолаушы жеткізілді

Таяу Шығыс елдерінен 851 бір қазақстандық елге оралды.

Таяу Шығыс елдерінен 5 наурызға қараған түні Қазақстанға 5 рейспен 851 жолаушы жеткізілды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Комитет мәліметінше, жолаушыларды жеткізу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар бүгін де бірнеше рейс орындайды:

  • Air Astana әуекомпаниясы Жидда - Ақтау - Алматы және Жидда - Атырау - Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.  
  • SCAT Airlines әуекомпаниясы Маскат - Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындайды.  
  • Air Arabia әуекомпаниясы Шаржа - Алматы бағыты бойынша рейс орындап жатыр. Тәуліктің соңына дейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.  
  • Flydubai әуекомпаниясы Дубайдан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр.